БРЭНД-СЕЗІМ Қорғасындай күндерім ауыр əлі, Сезім қашан дертінен сауығады? ҚАЙРАТ-НҰРТАС сияқты күрсінген соң, Ауырады жүрегім ауырады. Қаламасаң жанымның түңілгенін, Сезім шоғын қайтадан бір үрлегін. ТӨРЕШімнің салайын мақамына, Бол жанымда сол үшін күнім менің. Сенім гүлі қалса да қар астында, Мен жайында біреуге пал аштырма. ЕРНАР-АЙДАР інімдей əн салайын, Жарығым-ай арман боп адастырма. Жан емеспін қасыңнан қаша қалған, Сүйем сені біліп қой асау арман. ЕРКІН-НҰРЖАН секілді бір тамсанып, Мен де сені, ақ бұлттан жасап алғам. Тек өзіңді жаныма керек етем, Мен сендікпін сондықтан деме бөтен. БЕЙБІТ-ҚОРҒАН шаттанып шырқап шыққан, Шоқ қыздарға мен сені теңеп өтем. Жылтырлатып шіркін-ай ар-айнамды, Сəуле шашып құлатам талайларды. Мен тұрғанда ғашық боп ойлай көрме, НҰРЖАН-ҚАЛЖАН,ҒАДІЛБЕК-ЖАНАЙларды. Қызықтырып қоятын байтақ елді, Шынымен де шабытым қайта келді. МУЗАРТтағы МЕЙРАМБЕК ағамдай боп, Əнге қосып атыңды айтам енді. Саған берем барымды жинағасын, Көңіліңнен бір ғажап күй тарасын. Керек десең жаным-ау сыйға тартам, СЕЙФУЛЛИНмен ЛҰҚПАНның гитарасын. Құшағыңды кеңінен жайып дара, Сүйгенім бол тек маған лайық қана. 91дей əйтпесе жынұрамын, Айыптама сен сосын айыптама. Өзің барда жойылар нала-қайғым, Сені ғана бағым деп бағалаймын. ЖАЗИРАдай əйелім болсаң егер, ЖАНБОЛАТтай ешкімге қарамаймын. Дей көрмегін ей ақын қатты кетпе, Жетіп жатыр қосылсаң ақ тілекке. ТӨЛЕНДЕЙЕВ ТУКАға той бастатып, Ашқызамын бетіңді ЗАТТЫБЕКке!!!

Теги других блогов: музыка қазақша кыздарға қарсы